Руслан Шәмшиев кісі қолынан қаза тапқан

Oinet.kz 13-04-2023 521

Былтыр 26 қаңтарда шетелден келетін көліктерден утилизациялық алымдарды заңсыз алып отырды деп айыпталған, Н.Назарбаевтың кіші қызы Әлияға тиесілі делінген «ӨКМ операторы» ЖШС-нің директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Нақтыланбаған ақпараттарға қарағанда ол өз-өзіне қол салған.  Алайда қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың айтуынша, директор  кісі қолынан қаза тапқан. 

«Руслан Шәмшиевтің өлімі Мәскеудің тәуелсіз сараптама қорытындысы бойынша, өз-өзіне қол жұмсаудың емес, кісі қолынан болған қастандықтың нәтижесі екені анықталды. Тергеу бір жыл бойы бізді өз-өзіне қол жұмсады деген қорытындыға сендіруге тырысты. Менің қолымда суицид нұсқасын жоққа шығаратын Мәскеу сараптамасының толық мәтіні бар. Сараптама өз-өзіне қол жұмсау нұсқасын жоққа шығарады, бастың артқы жағына ауыр затпен соққы жасалған. Соққы нәтижесінде гематома пайда болып, есін жоғалтқан. Сонымен қатар, мойын аймағында өзге адамның тұншықтырған белгілері бар. Трасология денедегі іздердің асылған күйде пайда болмайтынын көрсетті. Оның үстіне мәскеулік сарапшылар қазақстандық сараптаманың объективтілігіне күмән келтіріп, істе көрсетілген барлық жағдайда адам өз-өзіне қол жұмсай алмайтынын дәлелдеді», – деп хабарлады Боқаев өзінің Telegram каналында. 

Қоғам белсендісі жақын арада марқұм Руслан Шәмшиевтің отбасы мүшелері баспасөз мәслихатын өткізіп, істің барлық мән-жайын толық айтатынын мәлім етті. 

«Мұндай үкімге келіспеймін»: Жанболат Мамай
«Ұлдарымды кінәлі деп есептемеймін» - Жигули Дайрабаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу