Мақсұт Исаховтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

Oinet.kz 19-11-2023 730

whatsapp-image-2022-05-21-at-17.07.14-1-905x613-1.jpeg 

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховтың не үшін ұсталғаны белгілі болды.

-М.Исахов пара берді деген күдікпен ұсталды. Оған қатысты қамауда ұстау бас шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр,-деп хабарлады Бас прокуратураға сілтеме жасаған BES.media порталы.

Мақсұт Исаховты биыл 20 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстаған болатын. Сол кезде комитет оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын жария етті. Бірақ әкім орынбасарының нақты қандай қылмыс жасағанына қатысты түсініктеме бермеген еді.

Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылы тағайындалған болатын.   

 


Медиакраттар медиафорумында «Масс медиа туралы» заң жобасы талқыланды
Аман Төлеев қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу