«Той Думанға» 300 млн теңге бөлінді». Шымкент әкімдігі осыған қатысты жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, әлеуметтік желілерде тарап жатқан «Шымкенттің қала күніне орай өтетін «Той думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлінді» деген ақпарат негізсіз.
«Бұл – жалған ақпарат. Жалпы жоба екіжақты келісім арқылы жүзеге асып жатыр. Бұған дейін де «Той Думан» телерадио корпорациясы басқа өңірлерде осындай жобаларды өткізген. Шымкентте алғаш рет өткелі отыр. Шара барысында қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, алаң дайындау, сахна орнату секілді техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстарды қала әкімдігі қамтамасыз етеді. Ал, негізгі шығын тұтасымен телерадио корпорацияның мойнында. Бұл қала үшін жағымды дүние. Әнші кімнің есебінен келеді, оған қаламақыны кім төлейді, біздің мәселеміз емес», – деді ол.
Сәрсен Құранбек қала күніне арналған мерекелік бағдарламаның мазмұнымен де бөлісті. 10 күнге созылатын іс-шаралар ішінде қол өнер шеберлерінің көрмесі мен оркестрлер шеруі бар.