Шымкентте жүргізуші куәлігі 150 мың теңгеден сатылған

Oinet.kz 31-07-2025 50

7bmzszrt.jpg 

Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

2023–2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған.

Мұндай «қызметтің» құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.

Нәтижесінде кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан.

Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды.

Іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылған. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

 


1,3 млрд теңге... Ерлі-зайыптылар ұлының еміне ақша жинап, алаяқтық жасаған
Олжас Бектенов Түркістан облысын келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу