Әлібек Нұртаев ректор лауазымына тағайындалды

Oinet.kz 12-08-2025 35

530826185_770897558666428_139865927606565700_n.jpg 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті  басқарма төрағасы–ректор міндетін атқарушы болып Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппарат басшысы Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы таныстырды.

Әлібек Нұрбайұлы 1982 жылы Түркістан облысы, Шардара ауданында туған. 2002 жылы М. Әуезов атындағы ОҚМУ дене тәрбиесінің оқытушысы және спорт түрінің жаттықтырушысы, 2006 жылы аталмыш оқу орынында мемлекеттік басқарудың бакалавры, ал 2021 жылы Шымкент университетінде педагогика ғылымының магистрлігін аяқтаған. ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы.

Еңбек жолын ОҚО туризм және спорт басқармасында бас маман болып бастап, ОҚО, Түркістан облысы, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Спорт және дене шынықтыру істері» комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры, Шымкент қаласы «Олимпиада резервін даярлау орталығының» директоры, Түркістан облысы «Тұран» кәсіби футбол клубының бас директоры қызметтерін атқарған.

531290414_770897585333092_5730265653119268223_n.jpg

 


Тоқаев пен Зеленский қандай мәселені талқылады?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу