Сайрам ауданы әкімі сайлауының қашан өтетіні белгілі болды

Oinet.kz 19-08-2025 290

1720030279211472.jpeg 

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімінің сайлауы 5 қазанға белгіленді. Бұл туралы Сайрам ауданы сайлау комиссиясы хабарлады.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес және Түркістан облысы әкімінің 2025 жылғы 4 тамыздағы №04-05/306 өкімі негізінде Сайрам ауданы әкімінің өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Сайрам ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімін сайлау 2025 жылдың 5 қазанына тағайындалсын.

Осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 5 қазанына тағайындалған Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жуырда басқа қызметке ауысына байланысты қызметінен кеткен болатын.

 


«Қырымнан бас тарт». Трамп соғысты тоқтатудың талаптарын атады
Бас сәулетшіге жарымаған—Шымкент
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу