"Қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ". Министр бизнесмен Гаджиевке қатысты осылай деді
Үкіметтік сағаттан кейін өткен баспасөз конференциясы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов үшін ыңғайсыз сәтке айналды. Себебі оған бизнесмен Гаджи Гаджиевке қатысты тергеу туралы тура сұрақ қойылды. Министрдің жауабы түсініксіз болды Министрдің жауабы түсініксіз болғанынан, бұл тақырыптың ІІМ үшін өте ыңғайсыз екенін аңғаруға болады.
– Мен не туралы айтып тұрғаныңызды түсіндім, иә. Ол жерде… Бұл факті бойынша, шын мәнінде, ресми арыз түскен жоқ, бірақ факт тіркелген. Алайда әзірге арыз болмағандықтан, қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ, – деді Сәденов Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп. Министрдің айтуынша, Гаджиевтің өзі де, оның жұбайы – ҚР Президенті Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева да оларға шағымданбаған. Бұған дейін ол KazTAG редакциясына берген жауабында қыркүйек айының басында күйеуін күштік құрылымдар ұстады деген ақпараттан кейін жала жапқаны үшін сотқа беретінін айтқан болатын.