Түркістанда екі полицей ұсталды. Үшінші күдікті туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Oinet.kz 17-10-2025 47

561613614_841314241801676_5728388046326863316_n.jpg

ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірлесіп, құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ПД-ның екі қызметкерін ұстап, жауапқа тартуда. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Мұрат Қабденов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

--Бұл ретте, жасырынған күдікті туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Күдіктілердің екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар облыстық Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен екі қызметкер де теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Басқа да жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде,--деп жазған генерал.

Сондай-ақ, ол жазбасында ІІМ ресми өкілі Ш.А.Алекешевтің:

 "Ішкі істер министрі өз қатарымызды мұндай арам пиғылды қызметкерлерден тұрақты негізде тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыратыны туралы бірнеше рет атап өткен болатын. Антын сататын қызметкерлерге қарсы өзіміздің принципті ұстанымымызды мәлімдейміз" – деген сөздерін келтірген.

 


Астананың әкімі Ж.Қасымбек сенсация жасады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу