Алматы медицинасын Пашимов басқарады
21-07-2025
Oinet.kz 20-10-2025 62
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасында түсірілген видео тарап, ел ашуын тудырды. Оқиғаға қатысты әкімдік өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Otyrar телеарнасына сілтеме жасап.
Қызу талқы тудырған видео Telegram желісінде жарияланған. Бейнежазбада кейбір науқастардың еденде жатқанын көруге болады. Видео авторы әйелдер мен балалар аурухана дәлізінде ем қабылдап жатқанын айтты.
Әкімдік өкілдері жағдайға қатысты пікір білдіріп, бұл уақытша қиындықтар күрделі жөндеу жұмыстары салдарынан орын алғанын хабарлады.
"Аурухананың он бөлімінің сегізі қауіпті инфекцияларға қарсы көмек көрсету бойынша тәулік бойы қызмет етеді. Палаталар 2-4 адамға арналған.
Науқастардың жаппай түсуі кезінде адамдарды уақытша дәлізге орналастыру санитарлық нормаларды бұзбайды. Бұл шешім Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес қабылданды. Санитарлық талаптар мен дәрігерлер этикасының бұзылуы анықталған жоқ", - деді әкімдік қызметкерлері.
Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.
Желілік басылым материалдары 18 жасқа толған және 18 жастан асқандарға оқуға арналған
Copyright © 2020 Oinet.kz