«Бізді 9 жылдан бері құлдықта ұстап отыр» Елден көмек сұраған азаматтардың жағдайын полиция анықтады

Oinet.kz 26-01-2026 54

Әлеуметтік желіде өздерін Аягөз қаласының тұрғындары деп таныстырған  Роман Некрасов пен Екатерина Свахинаның видеосы тарады.  Олар желіде елден көмек сұрап, өздерін әлдебіреулер жылдар бойы еркінен тыс ұстап отырғанын, ауыр еңбекке жегілгенін мәлімдеді деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

 Олардың айтуынша, бұл жағдай бір-екі ай емес, тоғыз жылға созылған. «Бізді адам ретінде көрмейді. Жуынуға, киім жууға, дұрыс тамақ ішуге мүмкіндік жоқ. Таңнан кешке дейін малдың соңындамыз. Қарсы сөз айтсақ, қорлау мен қорқыту басталады. Мен бұл тозақта тоғыз жыл өмір сүрдім», – дейді Роман Некрасов видеода.

Алайда Абай облысының полиция департаменті мүлде басқа мәлімет келтірді. Құқық қорғау органдары тексеріс нәтижесінде азаматтардың «бізді күштеп ұстап отыр» деген мәлімдемесін растаған жоқ.

Полиция дерегінше, 46 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйел бұрынғы сот шешімдерімен әрекетке қабілетсіз деп танылып, аудан әкімі қаулысы негізінде оларға ресми түрде қамқоршылық рәсімделген.

«Аталған тұлғалар бөлек тұрғын үйде тұрған. Қазіргі уақытта олар арнайы мекемеге орналастырылды», – деп хабарлады полиция.

image.png




Марапатты майшелпекке айналдырған ұйымдарға тосқауыл бар ма?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу