Щучинскідегі өрттен қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден төленді

Oinet.kz 28-02-2026

Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында болған жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төленді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде жедел штабтың көшпелі отырысы өтіп, онда зардап шеккендерге көрсетілген көмек шаралары талқыланды. Жиынға Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қангужинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина қатысты.

Қаза тапқан алты адамның әр отбасысына 2 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек берілген. Жетінші отбасыға төлем жасау үшін қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Сонымен қатар дәмхана иесі де әр отбасыға 2 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсеткен.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған бес отбасының несиелері демеушілер есебінен жабылады. Тағы төрт зардап шеккен азаматқа кәсіпкерлер қосымша материалдық көмек бермек. Бұдан бөлек, заңнамаға сәйкес тиісті әлеуметтік төлемдер тағайындалған.

Марат Ахметжанов  азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда болатынын айтып, қосымша алдын алу және ұйымдастырушылық шараларды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ оқиғаның себептерін жан-жақты әрі объективті тергеп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту қажеттігін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін дәмханада газ жарылысы салдарынан алты адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Кейін көз жұмғандар саны жетіге жетті. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Трамп АҚШ президенті ретінде үшінші мәрте сайлануға құқылы екенін мәлімдеді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу