Иран Али Хаменеидің қазасын ресми түрде растады

Oinet.kz 01-03-2026

Али Хаменеи 86 жасында өмірден өтті. Бұл ақпаратты Иранның мемлекеттік телеарнасы растады, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Ресми мәліметке сәйкес, Али Хаменеи 28 ақпан күні таңертең өз резиденциясында қаза тапқан. Иран президенті Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысының өлімі «жауапсыз қалмайтынын» мәлімдеді.

Хаменеи 1989 жылдан бері Иранның Жоғарғы көшбасшысы қызметін атқарды. Оған дейін сегіз жыл бойы ел президенті болған. Оның басқару кезеңінде Иран ішкі саясатта да, халықаралық аренада да бірқатар маңызды өзгерістерді бастан өткерді.

Иран билігі ел аумағында 40 күндік аза тұту жариялағанын хабарлады.

Сонымен қатар Fars News Agency агенттігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан Хаменеидің қызы, күйеу баласы және немересі қаза тапқан. Басылым бұл деректі Ислам революциясы сақшылар корпусымен байланысты дереккөздерге сілтеме жасап таратты. Кейбір ақпараттарға қарағанда, әулет мүшелерінің тағы бірі де құрбандар қатарында болуы мүмкін.

Дубай әуежайына шабуыл жасалды
Тоқаев құқық қорғау органдарын «төтенше дайындыққа» көшірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу