Дубайдағы зымыран түскен резиденцияда қазақтың бай-бағландары тұрған

Oinet.kz 02-03-2026

Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясына Иран зымыраны түскен ғимаратта қазақтар мен олардың туыстары тұратыны белгілі болды. Бұл туралы журналист Манас Қайыртай хабарлады.

image.png

Оның мәліметінше, резиденцияның үш ғимаратының бір бөлігі қонақ үй болып, қалған екі ғимараты тұрғын үй ретінде пайдаланылған. Қазақ байларына тиесілі 96 пәтер осы тұрғын ғимараттарда орналасқан. Кейбір пәтерлер бұрын билікте қызмет атқарған адамдардың туыстарына тиесілі екені айтылған.

«C4ADS ұйымының 2022 жылғы дерегі бойынша бұл резиденциядан қазақстандықтар 97 пәтер алған. Олардың кейбірі бұрын билікте лауазымды қызмет атқарғандардың туыстары», — деген  журналист аталған резиденцияда пәтері бар қазақ шенеуніктері мен бай-бағландарының тізімін жариялады: 

Бағда Баталова (экс-әкім Амандық Баталовтың әйелі)

Мирас Мами (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы)

Лейла Адайбекова (Берік Имашевтің әйелі)

Елжан Имашев (Берік Имашевтің ұлы)

Жанар Сейдвалиева (Қайрат Шәріпбаевтың бұрынғы әйелі)

Қорлан Шәріпбаева (Қайрат Шәріпбаевтың қызы)

Өркен Есей (Ахметжан Есімовтың куйеу баласы) Алена Шенесары (Гүлжан Қарағұсованың келіні)

Қайсын Жумағалиева (Асқар Жұмағалиевтің анасы)

Сержан Дуйсебаев (Қазақстанның ЕЭО-дағы екілі)

Руслан Ақбердиев (Президенттің күзет қызметінің бұрынғы қызметкері)

Ғабдулхәкім Жашыбеков (Президент әкімшілігінде істеген генерал)

Николай Родостовец (Экс-министр)

Ардақ Зиябек (Экс-вице-министр Берік Толымбаевтың ұлы)

Иранның Қазақстандағы елшісі: Қазақстан қолдау хатын жолдамады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу