Мемлекеттік хатшы: «Келесі кезең Иран үшін бұдан да ауыр болады»

Oinet.kz 03-03-2026

Maрко Рубио  Иранға қарсы қатаң мәлімдеме жасады, деп жазады Оinet.kz.

image.png

BBC News-тың жазуынша АҚШ мемлекеттік хатшысы Иранды алдағы уақытта бұдан да ауыр соққылар күтіп тұрғанын айтқан.

«Мен біздің тактикалық әрекеттеріміздің барлық бүге-шігесіне дейін ашпаймын, бірақ ең ауыр соққыларды америкалық әскерилер енді жасайды. Келесі кезең Иран үшін қазіргі жағдайдан да ауыр болады», – деді ол.

Рубио операцияның нақты мақсаттары бар екенін және олар орындалғанша жалғасатынын атап өтті.

«Біздің мақсаттарымыз айқын. Біз бұл әрекеттерді сол мақсаттарға жеткенге дейін тоқтатпаймыз», – деді Мемлекеттік департамент басшысы.

Оның айтуынша, операцияның негізгі мақсаты – Иранның баллистикалық зымыран саласындағы әлеуетін жою және оны қайта қалпына келтіру мүмкіндігін болдырмау.

Дубайдағы зымыран түскен резиденцияда қазақтың бай-бағландары тұрған
Мұнай бағасы барреліне 150 долларға дейін қымбаттайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу