Мұнай бағасы барреліне 150 долларға дейін қымбаттайды

Oinet.kz 03-03-2026

АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан кейін жаһандық мұнай нарығында жеткізілімдердің қысқару қаупі қызу талқылана бастады. Сарапшылар  мұнай бағасы барреліне 85–150 долларға дейін өсуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Оinet.kz.

image.png

АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) мәліметінше, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері арқылы өтетін құбырлар тәулігіне шамамен 3,5 млн баррель мұнай өткізе алады. Ал АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры 415 млн баррельді құрайды. Дегенмен, сарапшылар бұл резервтер ықтимал ұзақ мерзімді тапшылықты толық өтей алмауы мүмкін екенін айтады.

Негізгі тәуекел — Ормуз бұғазы. Бұл стратегиялық өткел арқылы күніне шамамен 20 млн баррель мұнай тасымалданады. Жапония мұнай импортының 72%-ын, Оңтүстік Корея 65%-ын осы бағытпен алады. Қытай мен Үндістанның тәуелділігі шамамен 50%, Еуропада — 18%, ал АҚШ-та — 2%.

Иран бұған дейін Ормуз арқылы өтетін кемелерге соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеген. Осы жағдай аясында мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілуі ықтимал.

Сонымен қатар Қазақстан және ОПЕК+ ұйымына мүше тағы жеті ел сәуірден бастап мұнай өндірісін арттыруды жоспарлап отыр.


Мемлекеттік хатшы: «Келесі кезең Иран үшін бұдан да ауыр болады»
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу