Қаныбековтерге тиесілі VIP- ұшақ Дубайдан келді

Oinet.kz 05-03-2026

Screenshot_6.png 

Ирандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер келе бастады. Қауіпті аймақтан келіп жатқандардың арасында  қарапайым азаматтар ғана емес, елдегі ең дәулетті тұлғалар да бар. Тіпті өз ұшақтарымен келіп жатқандар да жоқ емес.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, FlightRadar сервисі Дубайдан «Евро-Азия Эйр» әуе компаниясына тиесілі Embraer EMB-135BJ VIP-лайнерінің ұшып шыққанын тіркеген. Заманауи интерьермен және эксклюзивті демалыс аймақтарымен жабдықталған, 13 жолаушыға арналған бұл VIP-ұшақтың бортында кім болғаны нақты белгісіз, бірақ бұл әуе кемесінің иелері — танымал Қаныбековтер отбасы.

2017 жылдан бастап аталған авиакомпания «Forbes» тізіміндегі ықпалды бизнесмендердің бірі Нұрлан Қаныбеков пен оның ұлы Талғат Әсембектің меншігінде. Қаныбековтер отбасының байлығы шамамен 95 миллион долларға бағаланады. Қазақстандағы ірі бизнес өкілдерінің айналасында әдетте лауазымды туыстарының жүруі заңдылық.

Нұрлан Қаныбековтің туған бауыры Сәкен Қаныбеков — мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тұлға. Ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Мәжіліс депутаты қызметтерін атқарған. Былтыр Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл әулеттің мемлекеттік сектордағы өкілдігі мұнымен шектелмейді. Сәкен Әсембекұлының ұлы Асқар Қаныбеков те әке жолын қуып, Шымкент қаласындағы басқарма басшылығынан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарына дейін көтерілген еді. Дегенмен, ол өткен жылдың күзінде қызметінен кетті.

Таяу Шығыстағы соғыс оты тұтанғанда Дубайдан шұғыл ұшқан жеке ұшақтың ішінде «бизнесмен Қаныбековтер» болды ма, әлде «шенеунік Қаныбековтердің» отбасы мүшелері болды ма?


Емдемеген пациенттер үшін мемлекеттен ақша алып отырған стоматологиялық клиниканың басшысы жазаланды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу