Балконда қалай жылыжай орнатуға болады?

Oinet.kz 27-02-2019 1217

523-1476219146-615236d12b.jpg

Егер сізде балкон немесе лоджия болса, онда шамалы ақша шығарсаңыз, осы кеңістікті жылыжайға айналдыруға болады. Кіп-кішкентай джунгли көзіңізді қуантып қана қоймай, сондай-ақ, ауаны тазартып, ылғалдандырады.

Жылыжайды орналастырғандағы ең басты қадам – бұл балконды әйнекпен жабу. Сыртқы жағына екі қабат, ал бөлме мен балкон арасына бір қабат әйнек пакетін орнату жеткілікті болады. Далаға қарап тұратын терезелер әрине ашылуы тиіс, әйтпесе ауа айнала алмай қалады. Сыртқы ортамен байланысты температура айырмасын болдырмау үшін жайдың жылуын оқшауландыру қажет.

Жылдың суық мезгілінде балконды жылытуға тура келеді. Ең жақсы шешім – жылы еден жасау, ол жылудың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Екінші нұсқа – жайда белгіленген температураны ұстап тұра алатын термодатчигі бар жылытқышты қою.

Балконда электр розеткасының болуы ешқашан артық болмайды. Оған жылытқышты, ылғалдандырғышты немесе мысалға, жылыжайда отырып жұмыс істеуге болатындай ноутбукты қосуға болады.

Электр бойынша тағы бір кеңес жарық ұйымдастыруға қатысты. Ең қолайлысы күндізгі жарықтың шамын қолдану. Өсімдікке жарық беретін арнайы шамдарды орнатқыңыз келсе, олар көзге жағымсыз әсер ететінін ескеріп жүріңіз, сондықтан олардан басқа тағы бір әдеттегі шамды іліп қойыңыз.

Жазда күн қатты қызып кетуі мүмкін. Өсімдікті күйдіріп жібермес үшін терезелерді орам перделермен немесе жалюзимен жабдықтау қажет.

Енді ең жанға жайлысы. Жылыжайыңызда не өсетінін ойластырыңыз. Әр түрлі өсімдіктер әр түрлі жағдайды талап етеді, сондықтан оларды ақылмен үйлестіру қажет. Еденде, мысалы, монстера отырғызылған ірі қыш құмырасына арналған аласа тіреуіштерді орналастыруға болады.

Қыста оған салқын температуралық режим қажет болады, сондықтан оны жылуды жақсы көретін Бенджамин фикусымен немесе ашық түсті кротондармен және бугенвиллиямен үйлестіре алмайсыз. Оның орнына гүлді акцент бегония бола алады, ол салқын, әрі ылғалды жағдайда өзін жақсы сезінеді. Орташа өлшемдегі қыш құмыралар үшін терезе алды тақтайларды және ені кем дегенде 30 см болатын сөрелерді жасау қажет, ампельді өсімдіктері бар қыш құмыраларын (жоғары қарай иірілетін немесе жайылатын не төменге түсетін түрде) төбедегі ілмектерге іліп қоюға болады.

Үйдегі жылыжайды орналастыру сізге жұмысы көп болып көрінетін болса, балконда гүлзардың маусымдық нұсқасын жасай аласыз. Ол үшін бірнеше аспалы қыш құмыралар немесе себеттер қажет болады. Өсіретін өсімдіктерді таңдағанда климатыңызды ескеріңіз. Орталық және солтүстік өңірлерде бір жылдық, ал оңтүстік облыстарда балконда көп жылдық өсімдіктерді отырғызуға болады.

Дайындаған: Айдос Айгерім

Дереккөз: everydayme.com

Адам тани білесіз бе?
Ән айтудың қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу