«Жаса, жайна Алашымның Арысы»

Oinet.kz 10-10-2019 1039

Screenshot_3.jpg

Жарылыстан зардап шегіп, көңілі құлазыған арыстықтардың көңілі бір серпіп қалды. Тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қазақ эстрада жұлдыздары. 

    Жақында орталық «Әл-Фараби» алаңына еліміздің өнер жұлдыздары жиналды.  «Жаса, жайна Алашымның Арысы» атты концертті Түркістан облысы әкімдігі мен Мәдениет басқармасы және облыстық «Түркістан сарайы» концерттік ұйымы ұйымдастырды.

     Халыққа мәдени-рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл күйді тарту ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арыс қаласының Құрметті азаматы Ақжол Мейірбеков, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Арыс қаласының тумасы Нұржамал Үсенбаева, композитор-әнші Нұрлан Еспанов, Жанболат пен Жазира, Ләззәт Байырбекова, Бейбарыс Серікбаев, Мақсат Айтжанов, Әлден Жақсыбеков, Фархат Ескенеев сынды Арыстан шыққан сахна саңлақтары мен «Фараб» би ансамблі қатысты. Сондай-ақ, айтыскер ақын Кәрима Оралова Арыс халқына арнауын айтып, елдің ықыласына бөленді. Шара аясында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қиын-қыстау сәтте қолдау беріп, көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Туған жерге келіп, перзенттік парызын көрсеткен өнер майталмандарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды. 



Қариялар асық атудан жарысты
Арыстың вокзалына 115 жыл!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу