Тұрғындардың мұқтаждығын тыңдап қайтты

Oinet.kz 17-09-2019 560

Screenshot_1.jpg

Әкім бол халқыңа жақын бол деген халық даналығы. Ия, әкімнің іскерлігі ауыл-ауылды аралап, әр тұрғынмен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдаумен өлшенсе керек.   

Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев та халықан жақын әкімдердің бірі. Аудан басшысы жақында әр ауылдың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, тұрғындармен кездесіп, пікірлесіп, ауылдардағы әлеуметтік нысандардың жағдайын, қысқа дайындығын, қызмет барысын зерделеді.

 Рабат ауыл әкімдігінде болған кезінде алдымен жеке кәсіпкердің Шынар- фарм медициналық қызмет орындарын аралап көрді. Содан соң орталықтағы Береке-1 балабақшасының жай күйімен танысып, балақайларға барлық қажетті жағдайды жасау керектігін айтты. Аудан басшысы шалғай жерде орналасқан Қызылдалы ауылының тұрғындарымен кездесіп бірқатар мәселелер жайын қозғады. Төлеген Тұртайұлы тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерге қатысты жауап беріп, ұсыныс ¬пікірлер басты назарда болатынын айты. Аудан әкімімен бірге сала басшылары бірге жүрді. Мұндай кездесулер ауданның өзге ауылдарында да жалғасын табатын болады дейді мамандар.


Келестің аграрлық әлеуеті артуда
Отбасылар сайысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу