Мақсат - кераған ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру

Oinet.kz 13-11-2019 583

Screenshot_1.png

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің семинары өтті. Шарада ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру мен қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру жайы сөз болды.

Семинар-тренингтің жұмысына ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қуанышбаев Арман, белгілі дінтанушы Мұқан Исахан, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен дін саласына жауапты қызметкерлері, жоғары, орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары және магистранттары, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілі, қала, аудандардың бас имамдары, қала, аудандардың жалпы орта мектептерінің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, сондай-ақ,бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар-тренингті Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сариев Дәурен Нұрланұлы ашып, жүргізіп отырды.

Кездесу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.


Арыста «ALTYN KÚZ – 2019» спорттық сайысы өтті
Дін мен дәстүр сабақтастығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу