Қаржыгер қажырлықты талап ететін мамандық

Oinet.kz 15-11-2019 709

Screenshot_11.png

Төлеби аудандық мұражайында Ұлттық валюта күні мен қаржыгерлердің кәсіптік мерекесі аталып өтті. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шараға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Серікбев, мәслихат депутаты Сайлау Құлманов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансур Ашрапов және Төлеби ауданындағы қаржы саласының қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаев «Ұлттық валюта тәуелсіз еліміздің белгісіне айналып, егемендігімізді тұғырлы етті. Ұлттық валюта енгізіліп қана қоймай, еліміздің барлық қаржылық жүйесін бекітуге күш салынды. Мұның бәрі тәуелсіздігімізді одан әрі бекемдеді. Бұл шаруаларды тыңғылықты етуде қаржы органдары қызметкерлерінің үлесі зор. Сіздердің жұмыстарыңыз қашанда жеңіл болған емес, ол үлкен зияткерлікті, моральдық және эмоционалдық қажырлықты талап етеді. Сіздердің адал қызметтеріңіздің арқасында бүгінде мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, ел экономикасының барлық саласында тұрақтылық сақталған» деп, құттықтауын жеткізді.

Мерекелік шара аясында табысты еңбек етіп, жұрт ризашылығына бөленген бірқатар сала қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен және аудандық мәслихаттың грамотасымен марапатталды.


Сапарбаев түркістандық жастармен кездесті
«Менің Туым, Менің Отаным!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу