Төлебиде спорт академиясы ашылды

Oinet.kz 08-11-2019 754

Screenshot_16.png

Түркістан облысы Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі Ақбастау елді мекенінде орналасқан Алма Тау демалыс аймағында «Alma Tau» спорт академиясы ашылды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  Академияның ашылу рәсіміне Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Болат Қырықбаев, ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нуралинов, ел ағасы Орынбай Абдиев, екі дүркін Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы құрамасының бас бапкері Юрий Мельников, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алексей Ни жаңа спорт ғимаратының тұсауын кесіп, нысанмен танысты.

Академия аумағы 1326 шаршы метрді құрайды. Онда күніне 1500-ге жуық спортшылар волейбол, баскетбол, гандбол, бадминтон, кіші футбол сынды спорт түрлерінен жаттыға алады. Сонымен қатар, әлемдік стандарттарға сай етіп салынған ауыр атлетика үшін де арнайы зал ашылған.

Болашақта бұл спорттық базада тек Қазақстанның ұлттық құрамалары ғана емес, шет елдердің ұлттық құрама командалары да келіп, осы жерде толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізеді деп жоспарлап отыр.

Алдағы уақытта «Alma Tau» спорт академиясынан әлем чемпиондары, азия чемпиондары, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары шығады деген нық сенімдеміз.


Құрасбек Тыныбековке құрмет
Төлебиде заманауи спорт кешені ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу