Әкім кубогы «Классикке» бұйырды

Oinet.kz 25-10-2019 522

Screenshot_14.jpg

Рухани шаһар Түркістанда қала әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласы әкімінің кубогі үшін «Жайдарман» ойындары өтті.  Сайысқа жалпы саны 10 команда қатысса, оның ішінде жергілікті ойыншылармен қатар Кентау қаласынан да бақ сынады.

Көңілді тапқырлар алаңына қала басшысы Рашид Аюпов арнайы келіп, ойыншыларға: “Жайдарман – жастарға үлкен серпін беріп келе жатқан үлкен алаң. Бүгінгі кеш те, бұл жыл да сіздердікі. Сіздер бізден қалай қолдау күтсеңіздер, біздер де үлкен үміт артамыз” – дей келе барша командаларға сәттілік тіледі. 

Астарлы əзіл, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жастар үшін облыстық жастар ресурстық орталығының басшы міндетін атқарушы С.Ермаханов, мекеменің басшы орынбасары С.Амантаева, қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Абуова, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің мəдениет орталығының директор орынбасары Ж.Досболов жəне “Байдың балалары” командасының капитаны Н.Досбол əділ бағасын берді.

Айта кетейік, бұл ойында тек жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарының студенттері ғана емес, мектеп оқушылары да бақ сынады. Құрамында алғаш сахнаға шыққан командалар да бар. Тартысты ойында I орын сондай-ақ қала əкімінің кубогі мен қаржылай 80 мың теңге “Классик” командасына бұйырды. Ал,  II орын 60 мың жəне екі III орынға 40 мың теңгеден сыйақымен қатар кубоктар үлестірілді. Өзге командалар да алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.


«Өнер ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды»
«Сыйға берілген жәдігерлер»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу