Қауіпсіздік басты назарда

Oinet.kz 26-10-2019 598

Screenshot_19.jpg

Түркістан әсем әрі қауіпсіз қалаға айналуы тиіс. Әрине бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды. Сондай-ақ киел шаһарға аяқ басқан қонақтар мен туристердің де қауіпсіздігі күн тәртібінде тұр. Осы мақсатта Түркістан көшелеріне бейнебақылау камералары орнатылуда.  Нақтырақ айтқанда “Түркістан – қауіпсіз қала” жобасы аясында шаһарда 88 камера іске қосылды. Алда бір апта ішінде тағы 27, яғни, жалпы саны 115 камера орнатылмақ. Сол сəттен бастап пилоттық режим де қызметін толықтай бастайды. Тіптен, олардың санын көбейту əлі де қарастырылуда. Ал, бұл камералардың қайда орнатылғаны жұртшылықтың көкейінде туындаған сұрақ болған еді. Нақты айтсақ, бейнебақылау камералары Тəуке хан жəне Б.Саттарханов даңғылдарында, С.Қожанов пен Т.Бокин жəне С.Қожанов көшесі мен қалалық аурухана қиылысында, Байбұрт жəне Əйтеке би көшелерінің қиылысында, Əмір Темір көшесінде, сондай-ақ, С.Ерубаев пен Кенесары, С.Ерубаев пен Т.Нышанов, Т.Нышанов жəне Н.Оңдасынов көшелерінде орнатылған. Дегенмен, заң бұзушылықтар бойынша əзірге айыппұл салынбайды. Ал, жыл басынан, яғни қаңтар айынан бастап тəжірибелі, оңтайлы əрі жылдам қызмет көрсететін компаниямен келіссөз жүріп, қала көшелері таңдалған мекеменің бейнекамераларымен толықтырылатын болады. Енді жылдамдықты асыруды анықтау, тұлғаны жəне қалып қойған затты тану мен іздеу, шоғырланған адамдар ортасын анықтау, бағдаршамның қызыл түсінен өту, тоқтау сызығы ұрлық жасау, арнайы жолақтан өтпеу, қоқыс тастау секілді олқылықтар енді тасада қалмайды.


Түркістан бүкіләлемдік ұйымға мүше болды
Жетісайда аяқ киім тігіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу