Отбасы - шағын мемлекет

Oinet.kz 26-10-2019 679

Screenshot_22.jpg

Түркістанда «Отбасы академиясы» қоғамдық қорының «Өнеге» жобасы аясында қорытындылау форумы өтті. Басқосудың басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында отбасы құндылығын сақтау, ажырасу және тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттерін болдырмау. Кезекті кездесуге қоғамдық ұйымдар, еріктілер, мемлекеттік және жергілікті орындаушы органдар қатысты.

“Бұл форум отбасы құндылығын сақтау бойынша қорытынды жиыны. 5 айдың ішінде қандай жетістіктерге жеткенімізді, қай саламен бірге жұмыс істегенімізді талқыладық. Негізгі мақсатымыз – Түркістанда дағдарыс орталығын ашу. Өйткені, зорлық-зомбылық көрген отбасылардың барар жер, басар тауы жоқ. Мәселен, біз 1-2 жанұяға Шымкенттен баспана алып бердік. Жақында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қабылдауында болып, дағдарыс орталығын ашу туралы шешімге келдік. Осы уақытқа дейін 27 тренинг, 3 шеберлік сағаты, 2 диалог-кездесулер өткіздік. Бұл соның нәтижесі”,- деді «Өнеге» жобасының жетекшісі Баян Жандосова.

Отбасындағы тәрбиенің қоғам орнында алар орны ерек. Бүгінде халық игілігіне жұмыс жасап жүрген шара ұйымдастырушылары 102 консультация өткізген. Соның нәтижесінде 19 кейс қаралып, 5 отбасындағы ажырасуға, 79 жанұяға көмек қолдарын созған.


Психологтар тәжірибе алмасты
Көп балалы ана кәсібін дөңгелетіп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу