Түркістанның жастары топ жарды

Oinet.kz 18-11-2019 788

Screenshot_17.png

Түркістан облысының жастары республикалық жарыста топ жарды. Бұл туралы Түркістан облыстық білім басқармасы хабарлады. 

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 15 қарашасында еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсететін «WorldSkills Kazakhstan-2019» V республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Республика деңгейінде 38 құзыреттілік бойынша қабілет пен білімді қатар шыңдаған 400-ден астам жастарымыз өз өнерлерін көпшілікке паш етіп, бақ сынасты. Түркістан облысының жастары білім мен дағды, қабілет пен білікті танытатын «WorldSkills Kazakhstan-2019» бесінші республикалық чемпионатында өз шеберліктерін көрсетіп 4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 9 медальон жеңіп алып, жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді. Тәуелсіздік сарайындағы «WorldSkills Kazakhstan-2019» жұмыс алаңқайларында Түркістан облысының ТжКБ ұйымдарының студент жастары құзыреттілік бойынша өз ісінде «Үздік» атағын қорғап, республикада танымал болды. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жоспарлы жаңғыру жұмыстары мен оқу үдерісіне халықаралық стандарттардың ендірілу ерекшелігін есепке алар болсақ алдымызда алар асу, шығар белес санының артарына сенім мол.


Ардагерлер семинар-кеңес ұйымдастырды
Онкологтар Кореяда біліктілік арттырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу