Енеңізді сыйлаңыз

Oinet.kz 11-03-2019 1159

646-1476218711-b7f36ba832.jpg

Жаман келін мыңқылдап жүріп билейді,

Жақсы келін сыңқылдап жүріп билейді.

                                       (Қазақ мақалы)

  Қыз баласы ер жетіп, келін атанғаннан кейін, енесімен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысады. Енесін сыйламаған келінді ешкімде сыйлағанда емес. Атам қазақ келіннің отбасыдағы тәрбиесіне аса мән берген. Өз анасын қалай құрметтесе,өз енесінде солай құрметтеуі тиіс.Енеңізді сыйласаңыз, құрметтесеңіз сізден  асқан жақсы келін жоқ әрине.Қазіргі әлеуметтік жағдайдың да, отбасыға кесірі тиіп жатқаны рас.Соның салдарынан қаншама отбасы күйреп ажырасып жатады.Кейбір ерлі зайптылардың арасына енесі де түсіп жағдайды одан арман ушықтыра түсетіне де,рас.Бастысы өз ер азаматыңызды сүйсеңіз,енеңізді сыйлап жақсы көңіл бөліңіз.

 Керек кеңес:

Енеңізді сыйлаңыз,сабырмен шыдаммен төзе біліңіз.Ол  кісі де сіздің екініші анаңыз.

  • Енеңізді өзгелерге жамандамаңыз.

  • Сіз өзіңізді сыйласаңыз өзгені де құрметтейсіз!

  • Енеге деген құрметіңізді ашық жүрегіңізбен әрдайым жылы сөзден бастап,сыйлықтарға құшағын толтыра біліңіз.

  • Енесін жаман көретін қыз-келіншектер бірінші өз қателерін ойлауы керек,мүмкін мен дұрыс әрекет жасамаған болармын деп?

  • Ешқандай ене өз келініне жаман болсын деп ұрыспайды.

  • Қатені түзетуге тырысыңыз,мүмкін енеңізде өз қатесін түсінер.

  • Уақытты күтпеңіздер,кішіпейіл болыңыздар қыз-келіншектер.

  • Қысқасы, келіннің келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын.

  • Келіннің қолынан татқан тамақ,ішкен шай бапты,дәмді көрінсін.

  • Үйдің іші де бұрынғыдан гөрі әдемі,ыдыс-аяқ та бұрынғыдан гөрі таза,төңірек те бұрынғыдан гөрі жинақы ретті болсын .

  • Келген- кеткен: « Келіні жақсы үйдің керегесі алтын,-деген расау»- десін!

  • Өзіңіздің де қызыңыз бар,ол да ер жетіп құтты орнын аттағаннан кейін.Енесінің қас қабағына қарайды.Енді көз алдыңызға елестетіңізші қызыңыздың күйзелгенін көргіңіз келмейтін шығар.Ендеше сізде өз енеңізді сыйлаңыз жақсы көріңіз.

 Дайындаған: Қ.Р Қазақ психологиялық қоғамының бірлестік мүшесі. Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Ер азаматыңызбен ренжісіп қалдыңыз ба?
Менің періштем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу