Қала әкімі дәрігерлерге алғыс айтты

Oinet.kz 15-04-2020 842

Screenshot_1.png

Елдегі төтенше жағдай шымқаланың ақ халаттылары үшін де үлкен сынақ болғандай. Медицина қызметкерлері қазіргі таңда ауыр жүктемеге қарамастан науқастарға дер кезінде сапалы қызмет көрсетуде. 

Осы орайда үшінші мегаполистің әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы емханаларды аралап, дәрігерлердің жұмысымен танысты. Бүгінгі күннің нағыз қаһармандары дәрігердің еңбегіне көз жеткізіп, барша қала тұрғындарының атынан алғыс жаудырды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Instagram әлеуметтік желісінде жария етті.

«Бірінші мақсат - олардың барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгенін анықтау, ТЖ режимінде қызметкерлердің қалай жұмыс істейтінін білу және ең бастысы – осы қиын уақытта дәрігерлерді қолдау. Мысалы, №5 емханада жұмыс сауатты жасалған. Барлық процестер автоматизацияланған. №6 және №7 емханаларда аздаған кемшiлiктер бар, бірақ оларды оңай шешуге болады.

Мен бүгін 24/7 режимінде жұмыс істейтін дәрігерлердiң оптимизм сақтайтынына көз жеткіздім. Ал бүгін олар қазiргi күннің нағыз қаһармандары. Олар бірінші болып соққы алады. Өздеріне қауiп төнiп тұрса да, олар күндіз және түнде қауіпті жаумен күреседі. Олар бізді қауіптен қорғау үшін туыстарын да көрмейді. Мен қаламыздың барлық тұрғындарының атынан оларға "Рахмет!» айтамын», - деді әкім өз жазбасында.

Сондай-ақ, шаһар басшысы қала тұрғындарына сақтық шараларын барынша күшейтуді, сондай-ақ тазалық пен ұқыптылыққа ерекше мән беріп, үйде болуға шақырды.


Президент биылғы оқу жылы қалай аяқталатынын айтты
Перзентхана жаңаруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу