Қонақ үйден орын берілді

Oinet.kz 22-04-2020 566

Screenshot_12.png

Індет – қарусыз майдан. Осы бір майданның алдыңғы шебінде ақ халаттылардың тұрғаны мәлім. Медицина қызметкерлерін бүгінгі күннің батырлары деп айтсақ артық емес. Бүгінгі күннің батырларына Шымқалада ыңғайлы жағдай жасалуда. Мәселен  тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл - қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар.

Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан жүзден астам қызметкерге орын дайындалған. 

Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады. Оларды қазіргі таңда отбасыларына жіберу қауіпті. Себебі, дәрігерлер қауымы нағыз оттың ортасында қызмете етуде.  

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлеріне қосымша ақша тағайындалған еді. Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем жүргізушілері.

Айта кетейік, қонақүйге орналастырылған мамандар Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері.


Дәрігерлерге үстемақы төленді
Үйде отыруға үндеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу