Ұлт денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтайық!

Oinet.kz 22-04-2020 736

Screenshot_14.png

Қазіргі таңда коронавирус пандемиясы өзекті мәселеге айналған. Денсаулық сақтау басқармасы қиындықты жеңу үшін қолдан келген шараның бәрін жасауда. Дәрігерлер қаламызда індеттің таралмауы үшін барынша күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова айтты.

Бүгін ел басылымы "Егемен Қазақстанда" Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді сабырға, ауызбіршілікке шақырған мақаласы жарияланды. Ұлт саулығы сынға түскен сәтте жұртты сабыр мен байсалдылыққа шақырды.

Ұлт көшбасшысы мақаласында қауіпті дерттің алдын алуда тиісті шаралардың қабылданғанын тілге тиек етіп, игі шаралардың бәріне халық болып қолдау көрсету қажеттігіне тоқталыпты. Жаһанды әбігерге салған пандемия елімізге айтарлықтай дағдарыс туғызды. Бұрын-соңды болмаған сынақ үлкен жауапкершілікпен атқару қажеттігін дәлелдеді.

Бүгінде денсаулық саласына айрықша көңіл бөлініп, сын сағатта дәрігерлеріміз жұқпалы дерттің алдын алуда тиісті шараларды кәсіби деңгейде атқаруда.

Елбасы қалыптасқан жағдайдың ауырлығына қарамастан, халқымыздың төзімділігі мен ерік-жігері мен зор сенімінің арқасында бұл қиындықты жеңіп шығатынымызға сенім білдіріп отыр. Қажет қаражат, материалдық ресурс, техника, азық түліктің бәрі қамтылып, алаңдауға негіз жоқ екенін айтады.

Олай болса, әр адам өзінің, отбасының және жақындарының денсаулығына жанашырлықпен қарағаны жөн. Қиындықты қайыспай, бірге жеңіп, ұлт денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтайық! Бейғам болмай, сақтық шараларын орындайық!


Үйде отыруға үндеді
Сарбаздар дезинфекция жұмыстарына ат салысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу