Қорғаныш өткелі

Oinet.kz 25-04-2020 547

Screenshot_18.png

Шымкентте қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  ірі сауда орындарына дезинфекциялық өткелдер орнатылуда. Мұндай қондырғы Қазыбек (Дулати көшесі бойындағы) азық-түлік базарының кіреберісіне орнатылды. Жақын күндері дезинфекциялық өткелдер «Акбар», «Жабық базар» секілді ірі сауда орындарына да қойылады.

Осы ретте қала әкімдігі барлық кәсіпкерлерді сатып алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз нысандарында осындай залалсыздандыру қондырғыларын орнатуға шақырады. Бұл - тұрғындар арасында қауіпті індеттің таралуының алдын алу шараларының бірі.

Айта кетейік, дезинфекциялық өткелден өткен  адамның үстіне автоматты түрде залалсыздандыру құралдары себіледі. Осылайша үйшіктен өткен адам ортаға қауіпсіз болып саналады.  

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы бүгінге дейін қаладағы 4 ауданда залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілгенін айтуда. Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Дезинфекциялау қала көшелерінде, көп қабатты үйлерде, аулаларда және жаяу жүргіншілер жолдары мен аялдамалар сынды қоғамдық орындарда атқарылуда. Заласыздандыру жұмыстарына арнайы мамандардан бөлек сарбаздар да  білек сыбана кірісіп кетті. 


Қамқоршыларға қамқорлық көрсетті
Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу