Карантиндік орталықтар ашылды

Oinet.kz 27-04-2020 630

Screenshot_21.png

Вирус жұқтырған және оған күдікті адамдарды оқшаулау аса маңызды. Осы ретте Үшінші мегаполисте 590 орындық карантиндік орталық ашылды. Бұл халық қауіпсіздігін ойлаған басшылардың оң шешімі. Карантиндік орталықта материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Бұл турасында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қосымша карантиндік төсек орындардың дайындығымен танысты.

Сонымен қатар, қосымша карантиндік орындар қаладағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне қарасты №4, 5 жатақханасында дайындалған. №5 жатақхана «Нұрсат» шағынауданында, ал №4 жатақхана «Отырар» шағынауданында орналасқан.

Қала әкімі жатақханалардағы медициналық бекеттердің жабдықталуы мен тұрмыстық жағдайларының мүмкіндігімен танысты. Айта кетейік, №5 жатақхана 240 орынға және №4 жатақханада 350 орынға лайықталған. Бұл екі жатақхана да мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған. Онда тұрақтаушыларға арнап лайықты жағдай жасалған. 

Карантиндік станционарға коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқа өңірлердер жұмыстан қайтқан қызметкерлер мен шетелден келген азаматтар жатқызылады.

Карантиндік орталықты көріп шыққан қала әкімі Мұрат Әйтенов індеттің таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, жоспарлы жұмыстарды барынша жүйелеуді тапсырды.


Ақ халаттыларды автобус тасымалдайды
Ноутбук сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу