Үшінші мегаполиске 25,8 млрд теңге инвестиция тартылды
Қала экономикасын қарқынды дамытып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін шаһарға тартылатын инвестиция көлемі де маңызды. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 25,8 млрд.теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге ұлғайған. Енді жыл соңына дейін 334 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр, бұл 2020 жылға қарағанда 20% - ға артық.
Айта кетерлігі 2021-2025 жылдары қала аумағында жалпы 2,4 трлн теңгені құрайтын 184 инвестициялық жоба іске асырылмақ.
Ал, осы жылы 153,2 млрд теңгелік 44 инвестициялық жоба қолға алынды. Нәтижесінде 2,4 мың жұмысшы орыны пайда болады. Оның ішінде қаланың кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 1 389 жұмыс орнымен қамтитын 56,1 млрд.теңге сомасына 21 жоба іске аспақ.
Сондай-ақ, 2021-2025 жылдары іске асырылатын 941 млрд.теңге сомасына ТОП-10 инвестициялық жобалар қалыптастырылды.
Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында ауқымды шаралар жүргізілуде.
Инвесторға барлық қажетті қызметтерді ұсыну үшін қалада «бизнеске арналған үкімет-Shymkent Invest» фронт – кеңсесі жұмыс істейді. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіп жатыр.
Айта кету керек, өткен жылғы қорытынды есеп бойынша Даму бағдарламасы белгіленген басымдықтар іске асырылды. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласында 2018-2020 жылдары құны 661,1 млрд теңгеге 52 жоба іске асырылып, салада 2398 жұмыс орындары ашылды. Өндірістік инфрақұрылымы бар 3 аймақта инвестиция көлемі 229,7 млрд теңге, 10 мыңнан астам жұмыс орнымен 170 жоба жүзеге асып жатыр.
Қала экономикасына 3 жылда 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның ішінде 80 пайызы – жеке қаражат есебіндегі инвестициялар, мемлекеттік бюджетке жүктеме азайып отыр. Сауда саласында нысандар саны 2018 жылмен салыстырғанда 2058 бірлікке көбейіп, қазір 4321 сауда нысаны жұмыс істейді.