«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ашық есік күнін өткізді

Oinet.kz 01-04-2021 557

ҚР Премьер-Министрі Шымкент МӨЗ өкілдерімен отын нарығы мәселелерін  талқылады Alashainasy.kz

Мұнай - Қазақстанның жер қойнауының басты байлығы әрі экономика күші. Қара алтынды өңдеу үлкен процесс әрі ауыр еңбек. Қоршаған ортаға тигізер әсері туралы зерттеулер әлем үшін өзекті. Жылдан жылға мұнай өндірісі экологиямен біте қайнасып, технологиялар дамуда. Шымкенттік «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» БАҚ өкілдері, экобелсенділер және Мемлекеттік орган қызметкерлері, Шымкент қаласының тұрғындары үшін ашық есік күнін өткізді.

 «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» аумағындағы экскурсия қан сынамасын тапсырумен басталды. Зауыт жұмысшылары мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қашықтық сақталды. 2011 жылдан бастап кәсіпорында «Үдемелі индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстары жүргізгені белгілі. Қызметкерлер қонақтарға  зауыттың ҚР экологиялық заңнамасы нормаларына сай жұмыс істейтінін көрсеті.  Кәсіпорындағы модернизация жұмыстарынан кейін бұрын тонналап шығатын қалдықтардың мөлшері азайған. Ауа арқылы қоршаған ортаға тарайтын зиянды газдың мөлшері кеміген. 

МӨЗ мамандарының айтуынша, МӨЗ-ді жаңарту және қайта құрудың мақсаты жылына 6 миллион тоннаға дейін дейін қара алтынды өндіру, мұнайды өңдеу тереңдігін және ашық мұнай өнімдерінің сапасының шығысын ұлғайту, мотор майларының сапасын К-4, К-5 экологиялық санатының талаптарына сәйкестендіру. Экспедицияның техникалық бөлімінің басшысы Карл Анельзем: 

— Біз 2001 жылы  ынтымақтастықты бастадық. Бүгінгі сапар зауыттың экологиялық талаптарды сақтаын жетілдіре түскенін көрсетті. Суды тазарту, ауаның бұрынғыдан аз ластануы бірден сезіледі.  Технологиялық процестерге тоқталсақ, прогресс ретінде Еуропалық Одақтың сапа стандартына сай К4, К5 жоғары октанды отын шығаруды айта аламыз. Жаңғырту жұмыстары зауытқа жоғары экологиялық талаптарды сақтай отырып, сапалы өнім шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік берді, -деп пікірін білдірді. 


Өнеркәсіп паркі ашылуы мүмкін
Экологиялық талаптары сақталған зауыт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу