«I QALA» жобасы Шымкентке келді

Oinet.kz 16-04-2021 1210

Screenshot_3.jpg

Үшінші мегаполисте «Iqala» жобасы қолға алынбақ. Бұл Шымкент қаласында қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған қызметтер орталығына енгізілуде. Жоба Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі негізінде қолға алынды. 

Мәселен, карантин кезінде елордада жол парақтарын, жұмыс жүктемесі, тапсырма-жоспарларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәлігін көрсеткен кезде санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз өтуге мүмкіндік туған.

Қалалық цифрландыру басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі таңда бұл бағытта өнім беруші компания анықталып, қолданыстағы ақпараттық жүйелермен интеграциялау жұмыстары басталды. 

Мекемелермен («Спецавтотранспорт», «Энергепоток», «Оңтустік Жарық», «Су ресурстар Маркетинг» ЖШС, АО «СПК-Шымкент») келіссөздер жүргізілуде.

«I Qala» жобасының аясында арнайы интернет-портал және мобильді қосымша жұмысын бастап, олардың көмегімен қала қызметтерін online режімде алуға мүмкіндік туады.«I Qala» жұмысының нәтижесінде шымкенттік мекемелердің қызмет көрсету тиімділігі артады, қызмет көрсету процестері жеңілдетіледі, барлық қызмет көрсету процесі ашық әрі айқын болады

Аталған жоба «бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының және мемлекеттік қызметтерін біріктіреді. Жоба аясында коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақталуы бойынша оң нәтижелер күтілуде. 


Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 пайызға артты
«Жұлдызды» 25 жоба!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу