Шымкентте шетелдік инвесторлар екі зауыт салмақ

Oinet.kz 25-04-2021 630

Screenshot_16.png

Түркия елінің Шанлыурфа және Газиантеп қалаларында тоқыма өндірісімен айналысатын "Paksan Tekstil" - "DemirTel" фабрикасының басшылары Шымкентке инвестиция құюға қызығушылықтарын жеткізді.

Кездесу барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев Шымкент қаласында жаңадан бой көтеріп келе жатқан "Жұлдыз" индустриалды аймағы барын жеткізіп, ол кісілердің тың идеясын тыңдады.

Инвесторлар шырайлы қаламызда 2 зауыт салуға ниетті екендерін айтты. Біріншісі, дайын металл бұйымдарын шығаратын өндіріс (болт, шұрып, метиз) болса, екіншісі, мақтаны арнайы матамен пресстеп, сыртынан құрылғымен орап мата шығару жолын айтты.

«Бірінші өндірістің инвестиция көлемі 30 млн. доллар, екінші өндірістің инвестиция көлемі 5 млн. доллар болмақ. Өз тарапымнан инвесторларға толықтай қолдау көрсететінімді жеткіздім.

Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етпек», - дейді Айбек Сәттібаев. 

Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді.


Түркиялық инвестор өндірісін Шымкентте қолға алмаққа ниетті
Шымкенттің қызғалдағы Душанбеде гүлдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу