Қала әкімі Әл-Фараби атындағы кітапханаға барды

Oinet.kz 14-04-2021 482

Screenshot_18.png

Кітап – жан азығы, демекші, бүгінде білім алып, кітап оқимын деушілерге барлық жағдай жасалуда. Шымкент қаласының өзінде түрлі кітапханалар іске қосылып жаңаруда. Бүгінде Заман талабына сай оқырмандарға қызмет көрсету ісінің озық жетістіктерімен ерекшеленетін  Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасымен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып шықты. Онда жұмыс істейтін қызметкерлермен танысып, тілдесті. 

Рухани шаңырақ халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Бүгінде кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап пен 6546 дана электронды қоры бар. Ал, оқырмандар саны 18 600-ды құраса, келушілер саны 128 000, кітап берілімі 216 000. Мұнда 96 қызметкер еңбек етеді.

Кітапхана қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы және кітап.kz қорын толықтыруға белсене атсалысуда. Цифрлық заманда кітапхана мобильді, смартжоба – QR - кітапхананы жүзеге асырды. Бүгінде 60-қа жуық жергілікті авторлардың көркем шығармаларын оқырмандар кітапхана сайтындағы штрих – код арқылы оқи алады.

Кітапханада оқырмандардың қызығушылығына орай «Жас түлек», «Бәрін білгім келеді», «Мұрагер», «Дидарласу» Libclub «Глобус» мүдделестер клубтары жұмыс істейді.

Кітапхана қала аумағындағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.


Шымкенттің қызғалдағы Душанбеде гүлдеді
Ауа райы жүргізушісі ашық образы үшін сынға қалды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу