Зообақ келушілерге есігін ашты

Oinet.kz 02-05-2021 1280


Screenshot_5.png

Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық Зообақ 2 мамырдан бастап қалыпты режимде жұмыс істейді.

Зообақ 1980 жылы 19- сәуір күні ашылды. Алғашқы кезде коллекцияда 75 аңның түрі, 350 данасы болды.Зообақ ашылғаннан бастап жануарлар коллекциясы көбейе түсті.Қазіргі таңда зообақ коллекциясында 194 түр жан-жануарлардың 2002 басы бар. Зообақта жыл сайын теңбіл бұғылар арқарлар, понилар, еуропалық кербұғылар, қырғауылдар, үйректер, жолбарысты питондар, арыстандар және тағы да басқадай жануарлардың түрлері көбеюде.

Зообаққа кіру бағасы: 6 жасқа дейінгі балаларға, ардагерлерге, I-II топ мүгедектеріне – тегін. 

Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы 2010 жылдың шілде айында ЕАРАЗА-ға қайта мүшелікке енді.

Шымкент мемлекеттік зообағының басты мақсаты сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жабайы аңдарды асырау, оларды көбейтіп табиғатқа қайта жіберу және ғылыми – зерттеу жұмысы, сонымен қатар қызметкерлер келушілерге аңдар туралы лекциялар оқып, экскурсия жасайды. Жыл сайын ғылыми жұмыстар Қазақстан мен ТМД елдерінің журналдарында жарық көрді.  Зообақта жыл бойына  мектеп оқушылары мен биология және экология факультеттерінің студенттеріне арнап лекциялар, ғылыми консультациялар  және өндірістік, диплом алдыңдағы  тәжірибелер өткізіледі.


Түрік-әзірбайжан бауырлардың көмегімен мәдениет үй салынады
«Ashyq» қосымшасын енгізу туралы қаулысы қабылданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу