Қала тазалығына мәдениет қызметкерлері де үлес қосты

Oinet.kz 01-05-2021 1032

Screenshot_4.jpg

Бүгінде қала әкімі тазалыққа баса мән беруде. Апта сайын барлық мекемелерден қызметкерлер сенбілік ұйымдастырып көп үлгі болуда. Мәдениеттің бастауы – тазалық. Сондықтан Мұрат Әйтеновтен бастап сенбілікке шығып, қаланы көгалдандыру жұмыстары жиі болуда. 

Бүгін 1 мамыр –  Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 19 мекеме қызметкерлері қаламызды таза ұстау мақсатында сенбілікке шықты. Сенбіліктің мақсаты - қаланың шырайын әрлендіру, оны үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру.

Шымкент көрікті, таза қала! Көктемгі көгалдандыру, абаттандыру, қоқыстан тазарту жұмыстарына басқармаға қарасты мекемелер бір ауыздан, ұйымшылдықпен үнемі аталған қалалық акцияларға қатысып келеді. Тазалық – денсаулық кепілі! 

Құрметті оқырмандар, сіздерді, бүгінгі ынтымақ, бірлік күнімен құттықтаймыз. Қаламыздың тазалығына, көркті болуына сіз де ат салысып, тазалық сенбіліктеріне жиі шығып тұрыңыз. Жасыл қалаға қосқан үлесіңіз болсын. Мереке құтты болсын!


Шымкентте саумал іздеп сабылмайсыз
«Kaz plast trade» өнімі 50 жыл кепілдік береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу