Нұрқаділовтің немересіне өз пәтерінде қорлық көрсеткен (фото)

Oinet.kz 02-09-2021 2458

Нұрқаділовтің немересін өз пәтерінде азаптаған. Бұл туралы Нұрбүбі Нұрқаділова өзі айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Нуркадилова.jpg

Өзінің лесби екенін жалпақ жұртқа жария еткен 30 жастағы блогер жақын адамынан таяқ жеген. Ол «аяғындағы жарақатын қарап беремін» деген танысын еш күдіктенбестен үйіне шақырған. Алайда, тапа-тал түсте адам сенгісіз жағдайға тап болған. 

- «Басында бәрі жақсы болған. Бірақ кейіннен ол дүкенге барып, өзіне алкоголь сатып алды. Мен мұның арты жаман болатынын ойлаған жоқпын. Ол кезде күндізгі сағат 16.00 шамасы еді. Ішімдік ішкеннен кейін маған сезімі бар (өкінішке орай, жауапсыз) екенін айтып, шу шығара бастады. Одан кейін бас салды. 1,5 сағат пәтерден шыға алмадым. Моральдық тұрғыдан да, психикалық тұрғыдан да маған зәбір көрсетті. Ол маған күш көрсетіп қана қойған жоқ, қолына пышақ алып қорқытты. Менің жарақатыммен оған қарсы тұру оңай болмады», - деді Нұрбүбі. 

Танысы Нұрбүбіге зәбір көрсетіп жатырмын деп ойламаған. Ол тек сөйлескісі келгенін жеткізген. 

- «Менің жылағанымды ол дұрыс қабылдамады. Есікке жүгіріп көмек сұрап айғайлағанымда, мені бар күшімен итеріп жіберді. Басым қабырғаға тиді, сәл болмағанда сол жерде өліп кетер едім. Қолымдағы телефонымды тартып алды, бірақ мен құрбыма хабарлама жіберіп үлгергенмін», - деп жазды Нұрқаділова. 

Хабарламаны оқыған құрбысы пәтерге 30 минуттың ішінде келген. Ол уақытта Нұрбүбіні азаптаған әйел кетіп қалған.

Ол осы оқиғадан кейін өз-өзіне келе алмай жүргенін жеткізді. Алайда, әлі күнге дейін полицияға шағымданбаған. 

«Ауғандарға күліп, прикол ұстаған едік» - Тазабеков (видео)
«Атышулы завуч» туралы мәліметтің ақ қарасы белгілі болды (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу