Шымкентте "Президенттің тапсырмасы неге орындалмады" деп шағымданатындар көп

Oinet.kz 17-02-2022 783

WhatsApp Image 2022-02-17 at 15.48.41.jpeg

Шымкент қаласында тұрғындардың арыз-шағымдарын мемлекеттік мекемелерге жеткізумен айналысатын қалалық ситуациялық 109 орталығының жұмыс істеп тұрғанына екі жылға таяды. Бүгінге дейін аталған орталыққа тұрғындардардан 200 мыңнан аса арыз-шағым мен ұсыныстар, кеңестер түскен. Сонымен қатар, орталыққа хабарласып, тиісті мамандардан түрлі кеңестер алып, психологиялық көмекке жүгінетіндер де бар екен. Жоғалған затын тауып беруді өтінетіндер де кездеседі. Бұл туралы ақпараттық комуникациялық орталығындағы брифингте айтылды.

-- Бір ана мектепке кеткен баласымен байланыса алмай бізден көмек сұрады. Оқушының сол сәт сабақтан қайтар уақыты болған соң сол бағытта қатынайтын мектеп маңында жүрген қоғамдық көлік жүргізушісімен байланыстық. Ол салонында жолаушылар арасында баланың аты-жөнін хабарлап сұрастырып еді, табылды. Сөйтсе оқушының телефоны қуаты бітіп қалған екен. Солай баласын анасымен табыстырдық. Одан басқа орталыққа адам жоғалтып ешкім хабарласқан емес. Күйеуі ұрып көмек сұраған әйел болды. Полиция жіберіп, жедел медициналық жәрдем көлігімен ауруханаға алдырдық. Сосын ол жарақатынан жазылып отбасына оралды. Ондайлар кездесіп тұрады. Ал, қаңтар дүрбелеңі кезінде адам іздеп, бізге хабарласып ешкім көмек сұраған жоқ. Тек интернеттің неге дұрыс жұмыс істемей тұрғанын білгісі келетіндер болды. Сосын "Президент айтқан баға неге төмендемейді, неге қымбат?" деп шағымданғандар аз емес, -- деді "Рейтинг" газеті журналисіне жауап берген Шымкент қалалық ситуациялық орталығының басшысы Азат Әміртай.


Жаңа туған нәресте орманда екі күн жалғыз түнеп, аман қалды (видео)
Ертісбаев Самат Әбішті Путинмен салыстырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу