«Дикий Арманның» жары Президенттен араша сұрады

Oinet.kz 28-02-2022 2201

Screenshot_5.png

"Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің  жұбайы Айкөл Әлікжанова Президенттен араша сұрады. Ол instagram парақшасында  бейне үндеу жолдап, қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде күйеуінің алаңға билік пен халық арасына дәнекер болу үшін шыққанын айтуда деп хабарлайды Oinet.kz.

Бұған дейін шет мемлекеттерде жүрген Арман Қазақстанға тек қызының дүниеге келуі себебінен оралған екен. 

"Қаңтар оқиғалары басталған сәтте біз қызымыз екеуміз емханада болдық. Арман хабарласып, митинг болып жатқанын, бірақ әзірге тыныш екендігін айтты. Бірақ үйге баруымды сұрады. Үйге келген соң, халықтың көптеп жиналып жатқанын, митингтің ушығып баратынын айтты. Ол қонақүйде болды, бізге "ешқайда шықпаңдар" деді. Егер әйелі мен қызы оқиғалардың қақ ортасында болса, ол мұндайды ұйымдастыра ма? Кез келген қылмыстың мотиві болуы керек қой. Менің күйеуім бір мезгілде адамдарды тамақтандырып, бейбіт тұрғындарды ұстап, оларға қастандық жасауы мүмкін бе? Бұл – логикаға сыймайтын нәрсе.

Менің күйеуім үнемі өз халқы үшін уайымдайды. Пандемия кезінде ИВЛ аппараттары мен дәрі дәрмек таратқанын ұйытпайық. Сондай-ақ ол тұрақты түрде 300-400 отбасыға ай сайын көмектесіп отырады" – дейді Айкөл Әлікжанова. 

Арманның жары көпшіліктен қамауға алынған күйеуінің ісіне объективті көзқараспен қарауды, арандатуға берілмеуді өтінді.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев қазір Алматы қаласы бойынша ҚМДБ-ның тергеу изоляторында жатыр.


Қазақстанда Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинау басталды
«Nur Otan»-ның атауы өзгерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу