Болат Әбілов тұтқындалды

Oinet.kz 02-03-2022 3851

OINET.KZ - Қоғам белсендісі әрі кәсіпкер Болат Әбіловке  Алматыда қаңтар құрбандарын еске алу митингісін ұйымдастырды деген айып тағылды.  Полиция оны үйінен алып кетіп, қамауға алған.

Screenshot_3.png

 Мұндай жаңалықпен журналист Вадим Борейко Facebook парақшасында бөлісті. Журналист сондай-ақ жазбасында  Әбілов өзіне хабарласып, әкімшілік құқық бұзушылық заңның 488 бабының 7 бөлімі бойынша айып тағылғанын жеткізгенін айтқан.

"Оны 13 ақпан күні Республика алаңында митинг ұйымдастырғаны үшін алып кеткен", - деп жазды журналист.

Еске салайық, 13 ақпанда Алматыдағы Республика алаңына халық жиналып, қаңтар қырғынында қаза тапқан құрбандарды еске алған еді. Шеруге шыққандар биліктен бейбіт азаматтарға оқ атқандарды жауапқа тартуды және ешқандай дәлел-дәйексіз абақтыда азап шегіп жатқандарды босатуды талап еткен.

Сарапшы: Ресейліктер енді көлікті бізден сатып алатын болады
Нұржан Жетпісбаев: «Jas Otan»-ның атауын өзгерту туралы ұсыныстар түсіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу