«Гей болғанына мақтанады» - Жәнібек Нұрыш

Oinet.kz 16-07-2022 1974

Егер принципіне өте берік гомофоб болсаңыз, айфон, макбук, еарпод, эпплуатч, жалпы Apple өнімдерін пайдаланбайық. Өйткені, Apple басшысы Тим Кук – гей және гей болғанына мақтанады.

Screenshot_7.jpg

Сосын әлемдік атақты киім және косметик брендтерінен бас тартайық, өйткені жасаушы-дизайнерлері мен, парфюмерлерінің көбі дерлік – гейлер (негізі, гей деп айту да этикаға жат). Айтпақшы, ауырып қалсаңыз, Батыс медтехнологиясымен, дәрі-дәрмегімен емделмейік, өйткені Батыс елдері ЛГБТИК өкілдеріне гетеролармен тең құқық берген. Сосын, жаяу жүрейік, көлік мінбейік, ұшаққа отырмайық, өйткені транспорт игілігінің негізін де батыс жасап отыр. Неге оларды қаржыландырып, жер байлығымыздан түскен долларды оларға қайтарып беруіміз керек. Бас тартайық, бойкот жариялайық, иә, сөйтейік. Жөн сөз ба, иә, жөн сөз.

Сөз соңында айтарым, қыздар, қысқа шорты кисеңіз, Шымкентте жүрмеңіз, біреу пышақ тақап, зорлап кетсе де Шымкент полициясы сізді қорғамайды. «Өзің кінәлі, неге қысқа киесің» деп виктимблеймингтетіп жібереді.

Жәнібек Нұрыш, facebook парақшасынан

Петропавлда 8 жасар қыз полиция бөлімшесінен бірнеше метр жерде зорланған
«Менің атым Қожа» фильмін орталық алаңда өртейік - Тоқабаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу