«Менің қолым сіздің қолыңызды неге ұстап алған?»: Салтанат Абылбекова

Oinet.kz 18-08-2022 1462

Əншейінде келмейтін ұйқымның əкімшіліктің жиналысында отырғанда келе қалатынына жыным ұстайды ғой, жыным ұстайды. Баянды баяндаманың əсерінен бе, əлде баянсыз баяндаманың əсері ме білмеймін, ұйып тыңдап отырып, қалғып кеткенімді байқамай қаламын.

Screenshot_14.jpg

Жанымдағылар:

- Телевидение түсіріп жатыр, басыңызды көтеріп отырыңыз!,- деп оятып алады. Адам ұйықтап жатып та естиді екен ғой!

Естуімше, біздің елдің жағдайы қайдаааааа жақсы екен. Құр босқа мемлекетке өкпелеп, аузым түртиіп, шүртік ауыз болып жүрген өзім екен. Жұрттың бəрі бай, халық дән риза. Шіркін-ай, сол риза адамдардың арасынан өзімді іздеймін де еш таппаймын-ғой, таппаймын. Баяндамашы сөйлеп тұрғанда тəтті арманға беріліп, кəдімгідей сол бақыттың арасында қиялмен самғап, бақыттан басым айналған күйі ұйықтап кететінім де сол шығар. Қайбір жылы бір ауданның əдемі бір, без проблемный мəкімшілік жиналысына қатысқанмын.

"Біздің еліміз өркениеті мен мəдениеті, экономикасы дамыған ел, халқымыздың жағдайы керемет! " - дей берген кезде, көздерім жыпылықтап, ұйқы қыса бастаған. Мызғып алайын десем, жан-жағымдағылардан ұялып отырмын. Ұйықтап кетпейінші осы, деп алдыңғы орындықтан ұстап отырғанмын. Ұстаған күйі ұйықтап кетіппін. Қолымнан біреу қысатын сияқты. Ұстасам былқылдақ. Мен орындық ұстап отырған сияқты едім, жұмсарып кеткен бе, деп қоямын. Оянып кетсем, ұят-ай жанымда отырған бір мекеме басшысының қолынан қысып ұстап алыппын. Ұяттан бет өртенді. Қарасам, ол да қызарыңқырап қалыпты.

 - Кешірерсіз менің қолым сіздің қолыңызды неге ұстап алған?,- деппін сасқанымнан

Ол да ыржалақтап,

- Білмеймін ғой! Бағаналы бері қысып ұстап отырсыз,- деп қояды.

Шаршап ұйықтап кеткенімді, ұйықтап жатқан кезде адам өз ісіне жауап бере алмайтынын айтып ақталдым. Ол да қуады екен.

- Хорошо что сіз қолымды қысып ұстадыңыз,- дейді.

Иə, хорошо что мен қолынан қысып ұстаппын.

Салтанат Абылбекова facebook парақшасынан 

«Нақұрыстық түсінікке шырмалған қоғам екенімізді мойындайықшы»: Серік Хасенов
«Тып-тыныш үйлеріңде отырмайсыңдар ма?»: Барлығына кінәлі тек қана «қазақтың қыздары...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу