Әкім кәсіпкерге ризашылығын білдірді

Oinet.kz 07-09-2022 903

Screenshot_70.png

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ Ауылдық Округінде жұмыс сапарымен болды.  Іс-сапар кезінде алдымен биылғы Жаңа оқу жылында ашылған жекеменшік негізгі орта мектебінің жұмысымен танысты. Типтік үлгіде салынған жекеменшік мектепті Ахмедов Элмурад Иристаевич басқарады. Бүгінгі таңда білім беру мекемесіне 35 мұғалім жұмысқа қабылданған. Жалпы 386 бала білім алуда. Нысанның құрылысы ағымдағы жылдың қаңтар айында басталып, тамыз айында аяқталған.  Кәсіпкердің жеке инвестициясынан 500 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Екі қабатты ғимаратта спорт зал бар. Сынып бөлмелері жиһаздар мен компьютер жабдықтарымен жабдықталған. Тасымалдау қызметі ұйымдастырылған. Аралау соңында білім сапасына назар аударудың қажеттілігі айтылды.  

Одан бөлек, аудан әкімі «Темірді қайта өңдеу» цехын аралады. Басшысы А.Нишанкуловтың сөзінше, 2021 жылдан бері кәсібін ашып, жұмысын жүргізіп келеді. Өндіретін заттарының сапасы мен тиімді бағасына қарай тапсырыстар мен сұраныстар түсуде. Кәсібіне өз есебінен 40 миллион теңге қаражат қарастырған.   Темірлерді қайта өңдеумен айналысатын цех заманауи үлгідегі қоршау, орындықтар және темір арбалары секілді тұрмыстық заттарды өндіріп шығарады. Темірді өңдейтін, түрлі пішінде кесетін, дәнекерлеу секілді құрал-жабдықтары сатып алынған. Цехта 4 азамат жұмыс істейді. Аудан басшысы кәсіпкердің жұмысына оң бағасын беріп, кәсібін дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге мүмкіндік бар екенін түсіндірді. 

«Ауыл – Ел тірегі» жобасы елге пайдасын тигізуде
«Атамекеннің» еңбегі көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу