«Өзіме қол жұмсаймын»: Қарттар үйінің былығын әшкерелеген кейуана қудалауға ұшыраған (видео)

Oinet.kz 24-05-2023 2154

Астандағы қарттар үйінде қатқан нан мен көгерген ет беретінін айтқан кейуананы қарттар үйінен шығарып жіберген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Халық үні" бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

"Қарттар үйіндегі шындықты айтып сұхбат бергенім үшін мені қуды. Асхандағы орнымды алып қойды, он күндей сырттан өз ақшама тамақтанып жүрдім. Мені қыспаққа алатын, үнемі мен кінәлі болып қалатынмын. Шындықты жақтырмайсыңдар ғой дегенімде қайда барсаң сонда барып айт деді. Маған жалған ақпарат бердім деп айт, қазақ халқынан кешірім сұра деді. Мен өтірік айтпаймын, Алладан қорқамын. Сол үшін мені шығарып жіберді, кешкі 6 дейін заттарыңызды алып кетіңіз деді. Менің ешкімім жоқ. Ата-енем, әке-шешем, ағам, жолдасым бәрі зиратта жатыр. Мен пойыздың астына түсемін, өзіме қол жұмсаймын. Менің жағдайым жоқ", - дейді Айжан Ахметова .

Заңгер Ақтаудағы үш баласын бауыздап өлтірген жігіттің әйелі туралы сөз қозғады
«Шымкентке келсең көретін күнің осы»: Белігілі заңгер Айгүл Орынбек қала әкіміне шүйлікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу