Ертең ақшаны жинап алып, бетімді жауып жүре берем дегені шығар

Oinet.kz 26-05-2023 1206

Раушан Жәкешбай есімді азамат лотеряға қатысамын деп ақшасынан айырылып, сан соғып қалған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Screenshot_9.jpg

"Өмір болған соң бәрі болады. Бір ай бұрын ғой. Инстаграмдағы лентадан жарнама жарқ ете қалды. Астанадан лоторея ойнатамыз деген хабарландыру. "Астана жайнамаз" деген екі парақша. Бес мыңдай адам тіркелген. Бір Ниссан көлік, сосын ақшалай 1 млн, 500 мың, 200 мың, алтын, айфон, смартфон т.б ұтыстар кете береді деп берілген. Соған мың теңгеден 7 мың билет сатылады делінген. Бір ай бойы екі парақшасында кезек кезек реклама жасап, нөмір сатып, енді 25 майда точно өткіземіз, сағат үште өткіземіз уәдесін үйіп төгіп келді. Намазхан келіншек еді. Қайта қайта прямой эфирге шығып тұрды. Түрін де көрсеткен. Бірінші рет қатысуым еді. Бақсам бақа екен.

Нихаб киетін сияқты көрінді. Орамалының үлгісі хиджапқа келмеді. Бетін ашып көрсеткенімен, ертең ақшаны жинап алып, бетімді жауып жүре берем дегені шығар. Сол келіншек бүгін ұтыс ойнатылатын күні парақшасын, аккаунтын, ватсап нөмірін өшіріп, ұшты күйлі жоқ болды. Каспимен ақша жіберіп, билет алғандардың бірі өзім болған соң жазып отырмын. Көп ақша аударғаным жоқ. Мен сияқты талайды сан соқтырып отыр ғой. Тосқауыл қою керек шығар? деп полицияға арыз жазып, ізіне түсуге болар еді. Мүмкін көп билет алып, көп ақшасынган қағылғандар арыз жазып жатқан да болар. Сазайын әйтеуір бір алары анық. Алаяқтықпен жиған ақша бұйырмайды.

Маған сабақ болды. Енді бет аузын тұмшалап, никаб киетіндерге күдікпен қараймын. Никаб кию маска киюмен бірдей. Алаяқтардың көбі солай жасырынады деген қорытынды түйдім", деп жазды ол.

«Мені ер адамдар түсінеді, өте соблазнительно»: Белгілі дінтанушы
«Құлдың деңгейіне түсіп кеттік, ал құлдан ұлтқа айналу өте қиын»: Елдос Тоқтарбай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу