Ұлт болашағы – дені сау ұрпақтың қолында

Oinet.kz 30-05-2023 329

Еліміздің ертеңі болар әрбір баланың денінің сау болуы маңызды шарттардың бірі. Осы орайда, бала денсаулығын қалыпқа келтіруде жемісті еңбек етіп жүрген Түркістан облыстық балалар ауруханасының басшысы Алтын Досанованың бүгінгі балалардың жай-күйі туралы әңгімесі мен ақпаратын тыңдадық. 

Screenshot_20.jpg

«Оңалтусыз біздің жұмысымыз болмайды. 2020 жылдың желтоқсан айында «Самұрық-Қазына» қамқорлық қоры бізге «Шымкент ерте араласу орталығы» оңалту орталығын ашып берген болатын. Өз стандарттарына сәйкес Қазақстан бойынша 20 шақты орталық ашылған болатын. Сол ең алғашқы тізімдердің бірінде біздің ауруханада ашылған. Бұл орталық қазір жұмыс істеп тұр. Балалар келіп 21 күн ем алып, әрі қарай диспасерлік есепке амбулатуралық тұрғыдан алына береді. Бұрын жылына бір рет, екі рет болса, қазірде біздің балаларымыздың денсаулығын тексерту әр квартал сайын қолжетімді. Әр бейін бойынша бізде бірнеше төсек орындары бар. Мысалға кардиологияны алатын болсақ, алдымен бірінші, екінші кезеңде біздің ауруханадан емін алады. Одан кейінгілерінде жергілікті ауруханаларында ем қабылдай беруіне болады. Ұлтымыздың болашағы дені сау ұрпақтың қолында екенін ескерсек, әрбіріміз бала денсаулығына алаңдаулы болуымыз керек» дейді аурухана басшысы.

«Қазір күн сәулесі өте белсенді болғандықтан, авитаминоз болады біздің көп бүлдіршіндеріміз. Рахит профилактикасы дейміз ғой, таза ауада жиі серуендеуді ұсынамын. Таңғы сағат 8-ден 11-ге дейін ғана. Себебі оңтүстікте күн сәулесі өте белсенді. Және кешкі сағат 6-дан кейін серуендеуге болады. Жұмыс орнын, үй бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Дәрі-дәрмекке жүгінбей, ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол тауып, профлактикалық сақтық шараларын міндетті түрде ұстану керек. Балаларды бала кезінен спортқа баулып үйреткен жөн. Спорт – денсаулық кепілі. Жеке бас гигиенасын сақтауды үйрету қажет. Мұның бәрі жалпы алғанда түкке тұрғысыз күнде айтыла беретін іс-әрекеттер сияқты. Бірақ балаларымызды кішкентай күнінен осы әрекеттерге үйретсек, бұлар ішек инфекцияларына таптырмайтын профилактика ғой. Фильтрден өткізілген су, немесе қайнаған су ішуді үйретсек те көп аурудың алдын алады. Адам көп жиналатын, жабық мекемелерге де балаларды апарудан қашқанымыз жөн. Қазір ауа-райы бірде жылы, бірде салқын бұдан да абайлау қажет. Тістерін уақытылы емдеу, ангина болған кезде міндетті түрде дәрігерге көрсету сынды дүниелерді ұмытпағанымыз жөн. Және ең маңыздысы – вакцина профилактикасы. Уақытылы вакцина салдыртатын болсақ, ол баланың иммунитеті көп індетпен күресе алады, ауырмайды. Өзіңіз де білесіз 2019 жылы қызылша ауруына қарсы вакцинадан көп ата-ана жаппай бас тартып, қанша балапаннан айырылып қалдық. Қанша бала мүгедек болып қалды» деген дәрігер, барлық емдеу шаралары мен кеңестердің тегін жүргізілетіндігін де айрықша атап өтті.

Аида Өтеп

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті
Үкіметке алақан жайғанның бәрі мұқтаждар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу