«Қыз болу қылмыс саналатын ел»: Ауғандық 20 жасар бойжеткен мәлімдеме жасады

Oinet.kz 29-08-2023 1364

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ауғандық студенттердің Дубайға оқуға кетуіне жол бермей жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Screenshot_8.jpg

"Тәліптер әйелдерге білім алуға тыйым салғаннан кейін жалғыз үмітім шетелде оқу үшін грант ұтып алу еді. Айтарға сөзім жоқ. Олар әйелдерді қабылдамайды және құрметтемейді. Қыз болу қылмыс саналатын елде білім алу мүмкіндігін жіберіп алдым. Әрі қарай не істерімді және маған не болатынын білмеймін ", - деді 20 жастағы ауған студенті Наткай.

Наткайға шейх Халаф Ахмад Әл Хабтур Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Дубай университетінде оқуға стипендия береді.

Ауғанстандық әйелдерге арналған шәкіртақы 2022 жылдың желтоқсанында тәліптер әйелдерге университеттерде оқуға тыйым салғаннан кейін жарияланды. Жалпы саны 100 ауғандық әйел осы шәкіртақыны иемденген еді.

23 тамыз күні Наткай отбасымен қоштасып, әуежайға аттанады. Алайда көп ұзамай елден шыға алмайтынын түсінеді.

"Талибандар біздің билетіміз бен студенттік визамызды көргенде, қыздарға студенттік визамен Ауғанстаннан шығуға тыйым салынғанын айтты", - деді ол.

Наткай - елден шығуға тыйым салынған 60-қа жуық қыздың бірі. Талибан қозғалысы әйелдерге жалғыз саяхаттауға тыйым салды. Олар сыртқа шығатын болса жанында міндетті түрде күйеуі, ағасы немесе әкесі болуы керек. Сол сияқты Наткайға жанында ер жолсерік болса ғана шетелге кете алатынын ескерткен. Бірақ оларға бұл да жеткіліксіз болды.

"Ұшақ ішінде махрамы (ер жолсерік, туысы) бар үш қыз болды. Бірақ вице және ізгілік министрлігінің шенеуніктері оларды ұшақтан шығарып жіберді", - деді Наткай. 

Талибан қозғалысының бұл әрекетіне адам құқықтарын қорғау топтары мен дипломаттар қарсылығын білдірді.

"Бұл әрекет қыздар мен әйелдердің білім алуына қарсы тұру үшін тәліптер қолданған қатыгездіктің шектен шыққан маңызды және алаңдатарлық қадамы", - деді Human Rights Watch ұйымының өкілі Хизер Барр.

Халықаралық деңгейде пікір білдірген топтар мен дипломаттарға талибан билігі ешқандай түсініктеме берген жоқ. Керісінше вице және ізгілік министрлігінің өкілі Мохаммад Садик Акиф Мухажир бұл оқиғадан бейхабар екенін айтты. Талибанның жоғары лауазымды шенеунігі Забихулла Муджахид де сапарда жүргенін және ешқандай ақпарат жоқтығын айтып, түсініктеме беруден бас тартты.

Сәуле Әбілдаханқызы ақын-жазушылар туралы: «Маска киген екіжүзділер, сөзі басқа, ісі басқа»
Дамитын мемлекет үшін масылдық өте қауіпті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу